РИДДЕР КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БЛОГЫНА БАРЛЫҚ КЕЛУШІЛЕРГЕ СӘЛЕМ!

Сіздердің өтініштеріңізге жедел және тиімді назар аудару мақсатында колледж директорының виртуалды қабылдау бөлмесі мен блогын барлық мүдделі тұлғалармен бірыңғай байланыс форматына біріктіру туралы шешім қабылданды.

Колледж директорының ресми блогы интерактивті сұрақ-жауап нұсқасында жұмыс істейді. Мен сіздерге сұрақтарыңызды қоюды, тілектеріңізді қалдыруды, пікірлеріңізбен бөлісуді ұсынамын. Барлық сұрақтарыңызға сіз онлайн режимінде жауап аласыз. Осылайша біз кемшіліктерді түзете аламыз, жұмыс сапасы мен нәтижесін жақсарта аламыз.

Сонымен қатар, блог арқылы ғана емес, кері байланыс алу үшін контактілерді қалдыруды сұраймын. Бұл қажет болған жағдайда сізбен байланысуға көмектеседі.

Менің блогым арқылы диалог пен кері байланысты іске асыру әкімшілік кедергілерді азайтуға, колледж қызметін бақылауды күшейтуге, тұрғындарға білім беру қызметтерін көрсету сапасын арттыруға жұмыс істейді, ал біздің ынтымақтастығымыз пайдалы әрі қызықты болады деп үміттенемін.