2026-10-15 Хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау туралы «Риддер колледжі» КМҚК 2026 жылғы 2–15 қазан аралығында колледж қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгенін хабарлайды.

Талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізіледі. "Әділет" АҚЖ Жұмыс тобы колледж қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделейді. Талдаудың мақсаты — құқық бұзушылықтарға ықпал етуі мүмкін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау 2026 жылғы 21 қазанда сағат 13:30-да колледждің № 2 ғимаратының акт залында өтеді.


2026-10-07 Набор на курсы


2026-10-06 «ТжКБ жүрегі / Сердце ТиПО»

2 қазан — Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне орай «ТжКБ жүрегі» флешмобы өтті.

Іс-шара ТжКБ жүйесінің ашықтығын көрсетуге, бірлік пен ұйымшылдықты нығайтуға арналды. Кәсіби мереке құтты болсын, құрметті әріптестер! Сіздердің еңбектеріңіз — болашақ мамандардың табысты қадамының негізі!


2026-10-05 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ БАР!!!

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Риддер колледжі» Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Абай даңғылы, 65, индексі 070000. Байланыс телефоны: 8 (72336) 5-61-48 Колледждің электрондық поштасы: ratk_ridder@mail.ru

Келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы: «Шетел тілі» – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
3. Нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары (бар болған жағдайда) көрсетілген, кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы;
4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар науқастардың динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
8. Наркологиялық есепте динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (бар болған жағдайда).
10. Ағылшын тілі педагогі лауазымына кандидаттар үшін: пән бойынша сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (бар болған жағдайда), не болмаса CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults, Cambridge) – PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) – Pass және одан жоғары сертификаттары немесе IELTS – 6,5 балл; TOEFL (Internet Based Test (iBT)) – 60–65 балл нәтижелері туралы сертификат;
11. Осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан берілген ұсыным хат.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтаруға негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы болған жағдайда өзінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгенін растайтын құжаттар, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнындағы басшылықтан берілген ұсыным хаттар) ұсына алады. Конкурсты өткізу орны: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтер лауазымдарына тағайындау бойынша конкурс электрондық форматта «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (бұдан әрі – Модуль) өткізіледі: https://hr-nobd.edu.kz/.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы рет жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (2026 жылғы 05 қазан 2026 жылғы 14 қазан дейін). Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын Үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды (2026 жылғы 15 қазан 2026 жылғы 21 қазан дейін).

Конкурс қорытындылары 2026 жылғы 23 қазан жарияланады.


2026-10-02 НОВЫЙ АВТОМОБИЛЬ — НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ!

Автопарк нашего колледжа пополнился новым автомобилем Chevrolet Cobalt!

Новое приобретение будет использоваться не только для служебных целей, но и станет учебным автомобилем для студентов, проходящих подготовку к получению водительских прав. Современный и комфортный автомобиль позволит сделать практические занятия более удобными, безопасными и эффективными, а будущим водителям — получать необходимые навыки вождения в хороших условиях.

Пополнение автопарка — это ещё один шаг к развитию материально-технической базы колледжа и созданию комфортной образовательной среды для наших студентов.

Пусть новый Chevrolet Cobalt служит долго, а для наших обучающихся станет автомобилем, за рулём которого начнётся их уверенный путь в мир вождения