2024 жылы колледждерге қабылдау туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысында 39 колледж жұмыс істейді.

Колледждерге Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, 9 сынып, 11 сынып түлектері қабылданады.

2023-2024 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша 6630 орын бөлінді.

Колледждерге тұлғалардан өтініш қабылдау қағаз нұсқасында 2024 жылғы 25 маусымнан басталады. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап – биылғы мектеп түлектеріне арналған www.egov.kz сайтында өтініш қабылдау басталады. Құжаттарға ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет. Өткен жылдардың түлектері құжаттарды колледждерде қағаз нұсқасында тапсырады (әрі қарай ҰББД арқылы www.egov.kz базасына жүктеледі).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының бекіту туралы».

  1. білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық – атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
  2. орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына: мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында, ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік

Оқуға қабылдау үшін құжаттарды кәмелетке толғандар – жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілдерінің қатысуымен ұсынады.

Арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар (медициналық мамандықтар үшін – психометриялық тестілеу) өткізілетін медициналық және шығармашылық мамандықтарды қоспағанда, қабылдау емтихандары болмайды.

Конкурсқа қатысуға өтініш берген кезде үміткер төрт колледжге дейін және төрт мамандықты, біліктілікті (қажет болған жағдайда) таңдауға құқылы.

Конкурс аттестатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндер бағасының орташа конкурстық балы бойынша талапкерлерді автоматты бөлу жолы арқылы біріңғай республикалық ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Бағаның орташа балы қалыптасады: негізгі орта білімі бар түсушілерге (9 сынып) – үш пәннің бағалары бойынша: міндетті пәнге (қазақ тілі немесе орыс тілі), қалған екі пәнге мамандықтың бейіні бойынша. жалпы орта білімі бар түсушілерге (11 сынып) – Техникалық және кәсіптік білім беру - төрт пәннің бағалары бойынша: міндетті пәндерге (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы), қалған екі пәнге мамандықтың бейіні бойынша. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін аталған бағаларға арнайы экзаменның балдары қосылады.

Оқуға түсуге қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
  2. білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  3. 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
  4. № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
  5. квота санатын растайтын құжат;
  6. жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Колледждерге оқуға түсу кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұлғаларға квота көзделген. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығы.

  1. бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;
  2. басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз;
  3. ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;
  4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;
  5. жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 5 пайыз;
  7. кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;
  8. кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;
  9. бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз.

Оқушылар құрамына қабылдау:

  1. күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 31 тамызына;
  2. кешкі және қашықтықтан оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.